Диас Туркенов

Заңгер

Мамандануы

  • — Корпоративтік құқық
  • — Салық құқығы

Байланыстар

Email [email protected]

Тілді білуі

Қазақ / Орыс / Ағылшын / Түрік

Заңгер туралы

Диас салық және кедендік дауларды шешу саласында маманданған. Оның тәжірибе саласы ұлттық және халықаралық салық салудың, сондай-ақ кеден ісінің барлық аспектілерін қамтиды. Диас трансферттік баға белгілеу, компаниялардың қызметін салықтық жоспарлау, салықтық және кедендік дауларды шешу перспективаларын бағалау, сондай-ақ салықтық оңтайландыру мақсатында мәмілелерді салықтық құрылымдау мәселелері бойынша кеңес береді.

Диас ірі өндірістік, технологиялық және қаржы компанияларының мүдделерін соттарда, сондай-ақ жоғары тұрған және уәкілетті мемлекеттік органдарда салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелеріне, камералдық бақылау нәтижелеріне шағымдану туралы даулар бойынша және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы дауларда білдіреді.

Сонымен қатар, Диастың тәжірибесі цифрлық майнингтен, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланудан және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодтарына сәйкес тауарларды сыныптаудан туындайтын салықтар мен кедендік төлемдерді қосымша есептеу туралы даулар бойынша кеңес беруді және мүдделерді білдіруді қамтиды.

Диастың есебінде Forbes, KazService, Zakon.kz, Kazakhstan Law Review, Narxoz Law and Public Policy сияқты басылымдарда жарияланған ондаған ғылыми және талдамалық жарияланымдар бар.

Білімі

Сүлейман Демирел атындағы университет, халықаралық құқық бакалавры

Кәсіби қауымдастықтар

«Kazakhstan Bar Association» Заң кеңесшілері палатасының мүшесі

АХҚО сотында тараптар мүддесін ұсынуға рұқсат етілген