АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ақпараттық технологиялар құқығы саласындағы заңгерлік қолдау, оның ішінде: масс-медианы реттеу, телеком-секторды реттеу, электронды коммерция, жеке өмір мен жеке деректерді қоса алғанда.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өнімдерін тарату (контент), БАҚ қызметін тоқтата тұру немесе доғару бойынша рәсімдерде клиент мүддесін білдіру.

БАҚ-ты есепке немесе қайта есепке қою.

Шетелдік телеарналар мен радио арналарды есепке немесе қайта есепке қою.

Кең ауқымды мәселелер бойынша кеңес беру.

Мобилді қосымшалар мен интернет-сайттардың заңнама талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу, электронды коммерция саласында қажетті құжаттарды дайындау.

Сервисті пайдалану ережесін, құпиялылық саясатын, жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім хаттарын, өзге де құжаттарды дайындау немесе тексеру.

Кеңес беру, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әртүрлі әдістермен келісім-шарт жасау мәселелері бойынша.

Электронды құжат айналымына көшу, электронды қолтаңбаны пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру.

Кәсіпкерлер саясаты мен процестерінің заңнама талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу.

Дербес деректерді жинау және өңдеуге және компания қызметінің заң талаптарына сәйкестігін бақылауға байланысты компаниялардың ішкі рәсімдері мен саясатын әзірлеу.

Серіктестер