ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Кәсіпкерлердің зияткерлік меншік (ЗМ) нысандарын құруы бойынша ішкі процестерге аудит, ЗМ нысандарын басқару жүйесін құру (бағдарламалық қамтамасыз ету жасаушыларымен серіктестік жағдайында ЗМ-ны басқарудың ондай жүйесі автоматтандырылуы мүмкін), ЗМ авторлары-қызметкерлері үшін лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; сондай-ақ кәсіпкерлердің ЗМ нысандарына құқығы пайда болған жағдайда азаматтық келісім бойынша жұмысшылар немесе үшінші тұлғалардың ЗМ нысандарына аудит жүргізу.    

Зияткерлік меншік нысандарын пайдалану немесе бас тарту туралы келісім-шарттарды дайындау және аудит жүргізу (лицензиялық келісім-шарттар, франчайзинг келісім-шарттары, авторлық тапсырыс беру келісім-шарттары және басқалар), келісім бойынша келіссөздерде клиент мүддесін білдіру, сондай-ақ қажет болған жағдайда Ұлттық зияткерлік меншік институтында келісім-шарттарды тіркеу.

Азаматтық немесе әкімшілік тәртіптегі зияткерлік меншік нысаны құқығының бұзылуы туралы дауда өкілдік ету, дауларды сотқа дейінгі реттеу.

Зияткерлік меншік нысандарын Қазақстанның және ТМД елдерінің зияткерлік меншік нысандары Кеден реестріне қосу.

Ұлттық зияткерлік меншік институтына тікелей өтініш беру жолымен немесе зияткерлік меншіктің жеке нысандарын тіркеудің өңірлік және халықаралық рәсімдері арқылы өнеркәсіптік меншік нысандарын және дараландыру құралдарын тіркеу қызметі. Авторлық құқық және сабақтастық құқық нысандарын, интегралдық микросызба топологияларын Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркеу (Қазақстанда диспозитивті тәртіпте тіркеледі).

Тауар белгілерін жалпыға белгілі деп тану процесіне құқықтық қолдау көрсету.

Егер кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін болса онда зияткерлік меншік нысандарын тіркеуге шағым түсіру: зияткерлік меншік нысандарын пайдаланбау (сауда белгілері), патентке қабілеттілік белгілеріне сай келмеу және басқа да негіздер бойынша (өнеркәсіптік меншік нысандары) тіркеуге шағым түсіру.

ЗМ саласында мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңес беру.

Серіктестер