ҚҰРУ ИДЕЯСЫ

Қазақстанда дау-дамайды шешу оңай шаруа емес. Соттарда жемқорлықтың, судьялар білім-білігінің жеткіліксіз болу қауіпі; көптеген құқықтық мәселелер бойынша нақты сот тәжірибесінің болмауы және одан да басқа факторлар Қазақстанда сот ісі жүргізілуін болжауды әлдеқайда қиындатады.

Өз позицияңды дұрыс жеткізіп қана қою жеткіліксіз, оны қай кезде, қалай айтуды, қай уақытта қажетті құжатты тапсыруды, оны қалай тапсыруды, соттың назарын белгілі бір жағдайларға қалай аударуды, қандай сұрақтар қоюды білу керек. Одан бөлек судьяға әсер ететін өзге де факторларды ескерген жөн.

Біз кәсіби және іскерлік этиканың жоғарғы стандарттарын сақтай отыра, дауларды шешу кезіндегі болжамсыздық факторын Қазақстан реалиясында мүмкін болатындай деңгейде мейлінше азайтуды басты мақсат етіп қойып отырмыз.

Мұндай мақсатқа жету үшін тиісті заң саласын терең біліп машықтану ғана жеткіліксіз, күрделі істер бойынша құқықтық позицияны ұжымдық талқыға салып, құқықтық қателікке жол бермеу керек. Бастапқыдан дұрыс позицияны анықтау аурудың диагнозын дәл қоя білумен бірдей. Әр заңгердің өзіндік көзқарасы болуы мүмкін, жинаған тәжірибесі мен қай жерде жұмыс істейтініне де қарамастан олар да қателесуі мүмкін.

Осыған орай дауларды шешу саласындағы бірнеше, ал келешекте көптеген жоғарғы деңгейлі мамандардың басын біріктіру небір күрделі жағдайды шешуге мүмкіндік береді. Құқықтық қателіктің құны жоғары болып тұрған жағдайда осындай ұжымдық талқылау клиентке максималды нәтиже ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз жергілікті заңгерлік фирманың қызмет көрсету құны негізінде клиенттерімізге серіктестеріміз бен заңгерлеріміздің ұжымдық ақылдасуынан туындаған үздік шешімдерді ұсынғымыз келеді. Біз Қазақстандағы дауларды шешу саласындағы №1 практика болуды мақсат тұтамыз.